Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамчыбек Тәшиев Ішкі істер министрлігіндегі тергеуден кейін алғаш рет жұрт алдына шықты. Әлеуметтік желілерде тараған видеода ол Ораза айт мерекесімен құттықтап, ел-жұрттан кешірім сұрады, деп жазады Egemen.kz.
Бейнежазбада Тәшиев көпшілікті мерекемен құттықтап, егер біреудің көңіліне тиген болса, кешірім өтінетінін айтты.
«Егер мен қателік жасап, біреуді ренжіткен болсам, кешірім сұраймын. Қасиетті айда түрлі өсек таратып, жала жапқандардың барлығын Алла разылығы үшін кешірдім. Келесіде шындыққа сай келмейтін ақпарат таратпайды деп үміттенемін», деді ол.
Қырғызстан президенті Қамшыбек Тәшиевті қызметінен босатты
Бұған дейін, 19 наурыз күні Қамчыбек Тәшиевтің Ішкі істер министрлігіне тергеу-оперативтік іс-шаралар аясында куәгер ретінде шақырылғаны хабарланған еді. Әңгіме екі қылмыстық іс бойынша жүргізілген. Ол тергеушімен адвокатының қатысуымен сөйлескен.
Қамшыбек Ташиев: Қызметтен босатылу мен үшін күтпеген шешім болды
Саясаттанушы Аркадий Дубновтың пікірінше, бұрынғы күштік құрылым басшысының төңірегіндегі оқиғалар жай ғана кадрлық өзгеріс емес.
«Бұл – ақпан айында басталған «бейбіт революцияның» жалғасы. Тәшиевке қатысты тергеу билік ішіндегі ықпалдың байыпты, бірақ қатаң қайта бөлініп жатқанын көрсетеді», деді сарапшы.
Осылайша, Тәшиевтің көпшілік алдына шығуы ел ішіндегі саяси үдерістердің әлі де жалғасып жатқанын аңғартады.