Ақтөбеде ұялы телефон сататын дүкеннен 18 құрылғыны қолды еткен күдікті қолға түсті. Жалпы шығын көлемі шамамен 15 млн теңгені құраған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрлардан ер адамның дүкеннің кіреберіс әйнегін балғамен сындырып, еш кедергісіз ішке кіргені анық көрінеді. Күдікті әрекетін тез әрі суыққандылықпен жүзеге асырған.
Мал ұрлығының алдын алу өзекті
Полиция қызметкерлері оны ұрланған заттарды өткізуге әрекет жасаған сәтте ұстаған.
«Жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесінде ұрланған барлық ұялы телефондар тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», дейді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
Атышулы ұрлық пен алаяқтық дауы: Лувр директоры қызметінен кетті
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде үй күтушісі жұмыс берушілерінің үйінен алтын бұйымдарды ұрлап келгені үшін ұсталған еді. Оған бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Таразда оқушы қызды ұрламақ болған ағайындылар қамауға алынды