• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:45

Енді домбыраны ұшақ салонына алып кіруге болады

20 рет
көрсетілді

Домбыраны ұшақтың жолаушылар салонында алып жүруге рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Сенат кулуарында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша, домбыраны әуе кемесінің салонында тасымалдау тәртібін реттеу мәселесі мамыр айында нақты шешімін табуы тиіс.

Домбыраға құштар жапон жігіті

Қазір бұл бағыттағы жұмысты Азаматтық авиация комитеті қолға алған. Алдағы уақытта тек домбыра ғана емес, өзге де музыкалық аспаптарды ұшақ ішінде алып жүруге мүмкіндік қарастырылуы мүмкін.

11 500 домбырашы: Ұлттық рекорд тіркелді

«Осы мәселе бойынша нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Азаматтық авиация комитетіне музыкалық аспаптарды, оның ішінде домбыраны тасымалдау тәртібін заңнамалық тұрғыда реттеу міндеті жүктелген. Жақын арада жолаушыларды және жүк пен багажды тасымалдау қағидаларына тиісті өзгерістер енгіземіз деп жоспарлап отырмыз. Бұл жолаушылар үшін барынша түсінікті болуы тиіс. Оның ішінде музыкалық аспаптарды қалай тасымалдау керек, қандай рәсімдер сақталуы қажет деген сұрақтарға нақты жауап беріледі. Бір ай көлемінде тиісті шешім қабылданады деп ойлаймын», деді Көлік вице-министрі Талғат Ластаев.

Димаштың домбырасы

Соңғы жаңалықтар