Жетісу облысы Ақсу ауданының 62 жастағы тұрғыны Бақытбек Қадысұлы балаларының өзін жүйелі түрде қорлап келе жатқанын айтып, қоғам белсендісі Данияр Бейісқалиге жеткізген, деп жазады Egemen.kz.
Бақытбек Қадысұлының айтуынша, 31 және 34 жастағы ұлдары өзін бірнеше рет қорқытып, ақшасын алып, тіпті бір рет бетін пышақпен жарақаттаған.
«Екі ұлым көлікке күштеп мінгізіп, тастап кеткен күні де болды. Мен әрең үйге жеттім. Бұл оқиғаға байланысты ағам ескерту жасағанда оны да пышақтады. Құқық қорғау органдары оларды ұстап, 2 айға қамағанмен кішкентай балалары бары ескеріліп 1 айдан кейін босатып жіберді», дейді Бақытбек Қадысұлы.
Жаңаөзенде бір топ жасөспірім оқушы мен әкесін ұрған
Ал облыстық полиция басқармасы қарттың әлеуметтік желіде жариялаған жазбасынан кейін ұлдарының ұсталғанын хабарлады.
«Екі ер адам қазір қамауға алынды. Іс аясында сот оларға үш ай мерзімге арнайы мінез-құлық талаптарын орындау, соның ішінде жәбірленушіге жақындауға тыйым салу туралы бұйрық шығарды. Босап шыққаннан кейін де екеуі бақылауға алынады. Жағдайды полиция қадағалап отыр», делінген Жетісу облыстық полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Әкесін аяусыз ұрған азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды