Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-де ғылыми қауымдастықпен кездесуде Қазақстанның болашағы әділеттілікке, заң мен тәртіпке, білім мен ғылымға негізделуі тиіс екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
«Келер ұрпақ біздің кейбір кемшіліктерімізге көз жұма қарайтын шығар. Бірақ олар Қазақстанды Әділетті, Қуатты мемлекетке айналдыратын, заң мен тәртіп, тазалық, табиғатты аялау, білім және ғылым салтанат құратын мүмкіндікті мүлт жібергенімізді ешқашан кешірмейді. Қазақстан осындай ел болуы керек. Біздің түпкі мақсатымыз – осы», деді Мемлекет басшысы.
Президент: Цифрландыру мен жасанды интеллектінің дамуына баса мән беруіміз керек
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысқанын хабарлаған едік.