«Қазгидромет» РМК синоптиктері 20 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түседі.
«Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ болады, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел күшейеді, ал батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарламасында. Мереке күндері ауа райы қандай болады?