Елімізде өткен республикалық референдумға халықаралық миссиялардың өкілдері өз бағасын беруді жалғастырып жатыр. Шетелдік бақылаушылардың айтуынша, конституциялық өзгерістерді талқылау барысында азаматтардың жоғары белсенділігі байқалған, деп жазады Egemen.kz.
Мьянма Республикасы Одақтық сайлау комиссиясының комиссары Тан Хтут Тейн Қазақстандағы референдум тәжірибесі бірқатар мемлекет үшін үлгі бола алатынын атап өтті. Оның айтуынша, халықаралық бақылаушылар миссиясы қоғамдық реакцияны, сондай-ақ азаматтардың конституциялық өзгерістерді талқылауға қаншалықты белсенді қатысқанын мұқият бақылаған.
«Мен осы процеспен байланысты бірнеше аспектіні талқылағым келеді. Біз байқағанымыз, қоғамдық талқылау азаматтар тарапынан белсенді қызығушылықпен өтті. Халық осы өзгерістерге және жаңа Конституцияның мемлекет мүддесіне қалай қызмет ететініне үлкен қызығушылық танытты», деді Тан Хтут Тейн.
Филиппиндік бақылаушы: Дауыс санау барысы ашық өтті
Сарапшының пікірінше, мемлекеттің болашағын конституциялық өзгерістер арқылы кеңінен талқылау ел дамуының маңызды тетігі саналады. Мұндай ашық қоғамдық диалог азаматтардың саяси процестерге қатысуын арттырып, реформалардың мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді.
«Мұндай процестер елдің жақсы болашағына жол ашатынына үміт бар», деді Мьянма сайлау комиссиясының өкілі.
Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстандағы референдумға оң баға берді
Сонымен қатар ол халықаралық бақылаушылар миссиясының жұмысына қатысу өзара тәжірибе алмасуға жол ашқанын айтты. Оның сөзінше, Қазақстандағы референдумды бақылау барысында жинақталған тәжірибе алдағы уақытта Мьянмада да пайдаланылуы мүмкін.
«Біз көп сабақ алдық және бұл тәжірибені өз елімізде пайдалануды жоспарлап отырмыз», деді Тан Хтут Тейн.
Мьянма өкілі Қазақстан тарапына халықаралық бақылаушылар миссиясына қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіріп, сайлау және референдум процестерін ұйымдастыру тәжірибесін бөлісудің елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтатынын атап өтті.
Ресей ОСК өкілі: Қазақстандағы референдум заң талаптарына сай өтті