• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:00

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

30 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңіріндегі республикалық маңызы бар тасжолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

11 наурыз сағат 10:00-де ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары аумағындағы тасжолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. 

Ақтөбе облысы:

«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» тасжолының 0-77 шақырым аралығы («Жайсан» өткізу пункті – «Эко Ойл» ЖҚС);

«Ақтөбе – РФ шекарасы (Әлімбет БӨП)» тасжолының 39-136 шақырымы аралығында (Ш. Қалдаяқов елді мекені – Әлімбет шекаралық өткізу пункті);

«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» тасжолының 5-234 шақырым аралығы (Қарабұтақ кенті – Қостанай облысының шекарасы).

Қай өңірлерде жол жабық?

Қостанай облысы:

«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234-549 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Қостанай қаласы);

«Денисовка – Жітіқара – Мықтыкөл – РФ шекарасы» тасжолының 0-137 шақырым аралығы (Денисовка кенті – РФ шекарасы);

«Денисовка – Тавриченка – Аршалы – Комаровка» автожолының 0-96 шақырым аралығы (Денисовка кенті – РФ шекарасы).

Аталған жол бөліктерін 12 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

Солтүстік Қазақстан облысы:

«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» тасжолының 595-781 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Сергеевка қаласы);

«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» тасжолының 429-534 шақырым аралығы (Чистополье ауылы – Ақмола облысының шекарасы).

Жол жабық: Төрт өңірде жолаушылар пойызбен тасымалданды

Ақмола облысы:

«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 440-595 шақырым аралығы (Державинск қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);

Аталған жол бөліктерін 11 наурыз сағат 20:00-де ашу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар