• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Семейдегі өрт: Оқиға орнында 6 адам медициналық көмекке жүгінді

0 рет
көрсетілді

Семей қаласындағы Шугаев көшесінде орналасқан ойын-сауық орталығында өрт болды. Медициналық көмекке 6 адам жүгінген, оның ішінде 3 ересек және 3 бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.  

Бір науқас бүйрек орталығына жеткізіліп, иіс газынан улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Оған қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.   Сондай-ақ екі бала өз көлігімен Абай облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тексеру нәтижесінде олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйлеріне жіберілді.   Қазіргі уақытта жаңа өтініштер тіркелген жоқ. Медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.   Айта кетейік, бұған дейін Семейде ойын-сауық орталығынан өрт шыққанын хабарлаған едік. 

 

     
Соңғы жаңалықтар