Жетісу облысында патрульдік полиция қызметкерлері жол бойында болған көлік өртіне дер кезінде әрекет етіп, адамдарды аман алып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға Алғабас ауылының маңында тіркелген. Патрульдеу кезінде полицейлер Mazda көлігінің астынан шыққан түтінді байқайды. Жандос Берліқожанов пен Кервен Рымжан өрттің ұлғайып бара жатқанына қарамастан, бірден іске кірісіп, қолда бар құралдармен жалынды сөндіруге тырысты. Сонымен қатар, олар көліктегі адамдарды қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.
Кейін оқиға орнына жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер шақырылды. Құтқару қызметі келгенше полицейлер жағдайды бақылауда ұстап, жол қозғалысын реттеп отырды.
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлері бұл әрекетті өз міндетіміз деп бағалап, ең маңыздысы – адамдардың қауіпсіздігі екенін атап өтті.