• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

«Ұлттық қор – балаларға»: Соңғы 3 жылда 7 млн балаға 2,5 млрд доллар бөлінді

10 рет
көрсетілді

Соңғы 7 жылда адам капиталына салынатын инвестициялардың көлемі өсті. Ғылым мен білімге салынған қаражат 5 есе артса, денсаулық сақтау саласына салынған қаражат көлемі 4 есеге жуық көбейген. Арнайы назар жас ұрпаққа аударылып отыр, деп жазады Egemen.kz. 

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында, Президенттің бастамасымен, соңғы 3 жылда 7 млн жас қазақстандықтың шотына 2,5 млрд доллардан астам қаражат аударылды. Сонымен қатар, 2030 жылға дейінгі «Қазақстан балалары» біртұтас бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламада балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғауға бағытталған барлық шаралар біріктірілген.

«Мемлекет басшысы белгілеген басым бағыттардың бірі – мектеп инфрақұрылымындағы мәселелерді жою болды. Соңғы 7 жылда 1300-ден астам жаңа мектеп салынып, қауіпті және үш ауысымды нысандар саны азайтылды, материалдық-техникалық база жаңартылды. Тек Президент бастамасымен іске қосылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 2023–2025 жылдары ел бойынша халықаралық стандарттарға сай 217 мектеп салынды», деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.

24.kz арнасының жазуынша, Жаппай спортты дамыту және әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді. Аймақтарда спорт және медициналық нысандар белсенді салынып жатыр. Денсаулық сақтау саласында қайтарылған қаражат есебінен 180-ден астам нысан салынып, 230-дан астам су жабдықтары реконструкцияланған.

Қаржы мектептер, спорт нысандары, коммуналдық инфрақұрылым және басқа да әлеуметтік маңызды жобаларды дамытуға бағытталады.

Ұлттық қор балаларға 888 млн доллар аударды

Соңғы жаңалықтар