• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 19:25

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 49 мыңға жуық ЖРВИ дерегі тіркелді

0 рет
көрсетілді

2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысы аумағында 48 636 жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жағдайы тіркелді. Науқастардың жартысынан астамы – балалар, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Тіркелген жағдайлардың 28 394-і 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі (58%). Бір жасқа дейінгі сәбилер арасында 852 жағдай, жүкті әйелдер арасында 200 жағдай тіркелген.

Өңірде биыл зертханалық жолмен расталған тұмау мен коронавирус инфекциясы анықталмаған. Дегенмен 265 сынаманың 51-інде өзге респираторлық вирустар табылған.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, эпидемиялық маусым жалғасып жатыр. Тұмау жағдайлары расталмағанымен, респираторлық вирустардың айналымы сақталып тұр, сондықтан алдын алу шаралары өзекті болып қала береді.

Дәрігер нұсқаулығы: Балаларды ЖРВИ мен тұмаудан қалай емдеу керек?

Еске салайық, эпидемиялық маусым 2025 жылғы 1 қазанда басталып, 2026 жылғы 1 мамырға дейін жалғасады.

Санитариялық дәрігерлер вакцина салдырудың, жеке гигиенаны сақтаудың, бөлмелерді желдетудің және суық тию белгілері байқалған жағдайда байланыстарды шектеудің маңыздылығын еске салады.

Тұмаудың алдын алу үшін қандай жемістерді жиі тұтынған жөн

Соңғы жаңалықтар