Елімізде алғаш рет қонақжайлылық және туризм саласы бойынша өңірлік білім беру – өндірістік кластері (Астанада Сервис және туризм колледжі базасында) іске қосылды. Жоба еңбек нарығына қажетті мамандар даярлауды жүйелеуге және білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Кластерді құрудағы басты мақсат – ерте кәсіптік бағдар беруден бастап мақсатты жұмысқа орналастыруға дейінгі үздіксіз кадр даярлау жүйесін қалыптастыру. Сонымен қатар білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті күшейту көзделіп отыр.
Қысқы туризмге қызығушылық артып келеді
Жоба шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдардан бастап мектеп, колледж, жоғары оқу орны және өндіріс арасындағы сабақтастыққа негізделген кешенді модель ұсынылады.
Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді
Өңірлік кластерді іске қосу – дуальды оқыту тетігін жетілдіруге, білім беру мен өндірісті интеграциялауға және сала мамандарының кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды бастама.
Жалпы, жоба қонақжайлылық және туризм саласының сапасын арттыруға, жастардың кәсіби бағдарын нақтылауға және өңірлік еңбек нарығын теңгерімді дамытуға серпін береді.
Отандық туризмге салынған инвестициялар көлемі 1,2 трлн теңгеден асты