• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 10:37

2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай Қазақстан энергия тапшы елдер қатарынан шығады

0 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты мақаласында Мемлекет басшысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйе­сін сауықтыру бағытында қабылдаған батыл шешімдері туралы егжей-тегжейлі баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Премьер-министр аталған салаларда жүр­гізіліп жатқан ауқымды жұмыстар – жер жер­дегі бытыраңқы жобалар емес, инфра­құрылымдық мүмкіндікті арттыра түсу жолындағы жүйелі саясаттың көрінісі екеніне тоқталды.

«Президент атап өткендей, «Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашы­лы­ғы кез келген мемлекеттің өмір сүруіне аса қажетті тұғыр саналады». Ауқымды реформалар бастау алғанға дейін бірқатар өңірлерде генерациялық қуат көздері мен жылу желілерінің тозуы 70%-ға дейін жетсе, кей өңірлерде бұл көрсеткіш 80%-дан асып кеткен еді. Энергетикалық нысандарда болған ірі апаттар салдарынан сақылдаған сары аязда кей қалалардағы тұрғын үйлер жылусыз қалған қиын сәтті ешкім де ұмыта қоймаған шығар. Бүгінде жүргізіліп жатқан тарифтерді ырықтандыру және инвестициялар тарту саясаты бұрынғыдай «жанталаса жамап-жасқаудан» гөрі саланы сапалы деңгейде жаңғыртуға мүмкіндік берді. Қарағанды, Өскемен, Жезқазған, Екібастұз, Балқаш қалаларында ЖЭО-ны жаңғырту жобалары жүзеге асырылып жатыр. Алматы, Теміртау, Риддерде жылу қуаттары жаңартылуда, сонымен бірге Ақтау, Атырау, Орал, Тараз, Екібастұз (ГРЭС-2) қалаларында стансалардың қуаттарын кеңейту жұмыстары жалғасуда. Одан бөлек Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Көкшетау, Қызылорда, Семей, Тараз, Түркістан, Екібастұз (ГРЭС-3) қалаларында жаңа генерация көздерінің жобалары бо­йынша жұмыстар жүргізіліп келеді», деді Үкімет басшысы.

Бектенов: «Таза Қазақстан» бастамасы қазақстандықтар тарапынан қолдау тапты

Олжас Бектеновтің айтуынша, осымен екінші жыл қатарынан жылу маусымы айтарлықтай апатсыз өтіп жатыр деуге болады.

«Президент энергетикалық тұрақты­лық­ты ұлттық қауіпсіздік мәселесі деп атап, мұндағы шешімдер ондаған жылдар ілгері қабылдануға тиіс екенін үнемі айтып келеді. Бұл ретте елімізде электр энергиясын өндіру жоспарлы түрде өсуде. Мәселен, ол 2019 жылғы 106 млрд кВт/сағаттан 2025 жылы 123,1 млрд кВт/сағатқа дейін жетті. Салыстырмалы түрде айтсақ, жеті жылда іске қосылған қуат­тар­дың жалпы көлемі Алматы қала­сы мен Алматы облысының бір жарым жылдық тұтынатын электр энергиясына тең», деді Премьер-министр.

Оның айтуынша, 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай Қазақстан электр энергиясы тапшы елдер қатарынан шығып, профициттік деңгейге өтеді.

«Сол сияқты Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті табиғи газға ауыстыруға ерекше назар аударылып отыр. Бұл екі ЖЭО-ны толық көшіру осы жылдың соңына дейін аяқталады. Бірнеше жүз миллиард теңге тұратын жобалар қаланың экологиясын айтарлықтай жақсарта түспек. Ұзақмерзімді генерация балансын қалыптастыру үшін атом энергетикасын дамыту маңызды шешім болды. АЭС құрылысы электр қуатына сұра­ныс арта түскен бүгінгідей жағдайда зиянды қалдықтардың ауаға таралуын азай­тып, генерация көздерін әртарап­тан­ды­руды қамтамасыз етеді», деді Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов: Жаңа Конституция – болашақтың стратегиялық таңдауы

Сонымен қатар жоба алдағы уақыт­тағы технологиялық дамудың, өндіріс­ті локализациялаудың және инженерлік кадр даярлаудың берік негізі болмақ.

Соңғы жаңалықтар