• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 12:28

Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына 5 млрд доллардан астам қаржы салды

10 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесті. Кездесуде экономиканың басым салаларындағы жобаларды іске асыру және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуразиялық даму банкі портфелінде жалпы құны 19,6 млрд долларды құрайтын 326 жоба бар.

2022-2026 жылдары банк қатысушы елдерге 9 млрд доллар инвестиция салды. Соның 5,2 млрд доллары Қазақстанға тиесілі. Бұл – банктің алдыңғы 15 жылдағы инвестиция көлемімен тең.

Соңғы төрт жылда Қазақстан экономикасына жыл сайын 1 млрд доллардан астам қаржы құйылды. 2025 жылы бұл көрсеткіш 1,5 млрд долларға жетті. Қазір банктің инвестициялық портфеліндегі Қазақстанның үлесі 64,9%-ды құрайды.

Банктің елімізге салған инвестициялары негізгі секторлар бойынша бөлінген:

Шамамен 2,1 млрд доллар – өнеркәсіпті дамытуға; 1 млрд доллар – энергетикаға; 1 млрд доллар – көлік инфрақұрылымына; 1 млрд доллар– қаржы секторына бағытталған.

Қаржыландырылған маңызды жобалар:

«Силлено» газ өңдеу зауыты; Атырау облысындағы KPI газ-химия кешені; Тау-кен металлургия кәсіпорындарын жаңғырту; Қарағанды, Алматы, Ақтөбе қалаларындағы ЖЭО-ларды қайта жаңарту.

Банк дәстүрлі және жаңартылатын энергетиканы қатар қолдайды. Қазақстанда өндірілетін әрбір сегізінші киловатт электр энергиясы банк қатысқан жобаларға тиесілі. Жобалар Қарағанды, Түркістан, Ақмола облыстарында жүзеге асып жатыр.

Көлік саласында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Қазақстан темір жолы үшін локомотивтер мен жүк вагондарын жеткізу және автомобиль жолдарын реконструкциялау бойынша жобалар қаржыландырылды.

Цифрлық бастамалар қоры арқылы жасанды интеллект пен цифрлық платформаларды дамыту жобаларына қолдау көрсетіледі.

Олжас Бектенов: Азаматтардың табысын арттыруға баса назар аударылады

Биыл банк өңдеу өнеркәсібі мен тау-кен секторындағы ірі жобаларды қаржыландыруды жалғастырады.

Нақты жобалар:

Өскемен ЖЭО-сын жаңғырту – жылумен қамту сенімділігін арттыру;

Түркістан және Қызылорда облыстарында екі күн электр стансасын салу;

Телекоммуникация инфрақұрылымын кеңейту;

Өнеркәсіпте өндірісті ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашу.

Николай Подгузов банк Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына және халықтың өмір сапасын арттыруға қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Ол елдегі Конституциялық реформалар инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.

Премьер-министр мемлекеттің ағымдағы басымдықтарына сәйкес келетін базалық инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ цифрландыру бағытында бірлескен жобаларды кеңейтуге әлеует жоғары екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысында әріптестікті нығайту және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы үшін маңызды екені айтылды.

Жаңа Конституция – орнықты экономикалық өсімнің іргетасы: Олжас Бектенов Инвестициялық ахуал жөніндегі кеңес өткізді

Соңғы жаңалықтар