• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 09:59

Астанада оқушылар мен студенттер сабақты онлайн оқиды

10 рет
көрсетілді

Астанада қолайсыз ауа райына байланысты 27 ақпан күні бірінші ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

Синоптиктердің болжамынша, күндіз ауа температурасы −19…−21 °C шамасында болса, түнде −31…−33 °C-қа дейін төмендейді. Сонымен қатар аязға байланысты желдің күшеюі және боран болуы мүмкін. Қатты суық пен желдің екпіні даладағы көріну деңгейін төмендетіп, жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына қиындық тудыруы ықтимал.

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

Қалалық білім басқармасы ата-аналар мен студенттерге қауіпсіздік шараларын сақтауды, қажет болмаған жағдайда сыртқа шықпауды және ресми ақпарат көздеріндегі хабарламаларды қадағалап отыруды ұсынды. Қашықтан оқу барысында сабақтар бекітілген кесте бойынша онлайн форматта өтеді.

Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?

Соңғы жаңалықтар