«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
2026 жылғы 27 ақпан сағат 08:00-ден бастап келесі республикалық автожол учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс қайта ашылды:
Ақтөбе облысы
«РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығы (ЭКОойл жанармай құю бекеті – Қызылорда облысының шекарасы).Қызылорда облысы
Аталған автожолдың 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы). Жабық жолдар Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды: Қызылорда облысы «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1362-1912 шақырымы (Арал қаласы – Байгекүм ауылы); Осы жолдың 1912-2055 шақырымы (Байгекүм ауылы – Түркістан облысының шекарасы).Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
Түркістан облысы
Аталған автожолдың 2055-2095 шақырымы (Қызылорда облысының шекарасы – Түркістан қаласы).Абай облысы
«Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» автожолының 320-528 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Баршатас ауылы); «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 910-1103 шақырымы (Қалбатау ауылы – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы).Шығыс Қазақстан облысы
Осы автожолдың 1103-1256 шақырымы (Абай облысының шекарасы – Зайсан қаласы).Жамбыл облысы
«РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы –Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының «Қордай асуының жаңа айналма жолы» учаскесі, 159-238 шақырым (Кенен ауылы – Қайнар ауылы); «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 750-893 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Бурылбайтал ауылы); Осы жолдың 893-955 шақырымы (Бурылбайтал ауылы – Алматы облысының шекарасы).Қарағанды облысы
«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 738-750 шақырымы (Сарышаған кенті – Жамбыл облысының шекарасы).Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Алматы облысы
«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 955-1121 шақырымы (Жамбыл облысының шекарасы – Құрты ауылы).Павлодар облысы
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығында (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар тұс) өткелдің шеткі арқалықтарының зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді.