• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 17:25

Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады

10 рет
көрсетілді

Синоптиктердің болжамынша, алдағы бірнеше күнде Қазақстанның ең ірі қалаларында ауа райы күрт өзгереді. Солтүстікте аяз күшейсе, оңтүстікте күн жылы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана 27 ақпанда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 2-7 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы −31…−33 °C дейін төмендейді, күндіз −19…−21 °C шамасында болады.

28 ақпан күні ауа райы айтарлықтай өзгермейді, бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс, батыс желінің екпіні 3-8 м/с-қа дейін жетеді. Түнде −28…−30 °C, күндіз −15…−17 °C.

1 наурызда елордада жауын-шашын болмайды, ауа райы құбылмалы бұлтты. Оңтүстік-шығыс желінің екпіні 5-10 м/с-қа дейін жетеді. Түнде −28…−30 °C, күндіз −13…−15 °C.

Астанада аяз күшейді: Екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды

Алматыда 27 ақпанда күн бұлтты болады деп болжанған: түнде қар жауады, күндіз қар аралас жаңыр жаууы ықтимал.  Тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с-қа дейін жетеді. Түнде −2…−4 °C, күндіз 0…−2 °C.

28 ақпанда күн бұлтты, кей уақыттарда қар жауады, ал түнде қалың қар күтіледі. Түнгі және таңғы уақытта тұман, көктайғақ болады. Түнде −7…−9 °C, күндіз −3…−5 °C.

1 наурызда ауа райы құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар жауып, тұман түседі деп болжанған. Түнде −9…−11 °C, күндіз −3…−5 °C.

Боранға байланысты қай жолдар жабылды?

Шымкентте 27 ақпанда ауа райы құбылмалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 7-12 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +1…+3 °C, күндіз +6…+8 °C.

28 ақпанда жауын-шашын күтілмейді, бірақ түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Желдің екпіні 8-13 м/с-қа дейін жетеді. Түнде 0…−2 °C, күндіз +7…+9 °C.

1 наурызда қалада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с дейін жетеді. Түнде −2…−4 °C, күндіз +9…+11 °C.

Соңғы жаңалықтар