• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:04

Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді

10 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Келес ауданында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласы, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатындағы «Дипломмен ауылға» мемлекеттік жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен жылы Келес ауданына аталған бағдарлама аясында келген 120 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы беріліп, 55 маман тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік несиемен қамтылған. Ал 2026 жылы 50 маманға көтерме жәрдемақы беру және 27 маманды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Жас мамандар жерде қалмайды

Айта кетелік, жобаға қатысушыларға бірқатар әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Ауылға жұмысқа барған мамандарға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төленеді. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алу немесе салуға аудан орталығында 2 500 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал ауылдық елді мекендерде 2 000 айлық есептік көрсеткішке дейін бюджеттік несие беріледі. Несие 15 жыл мерзімге рәсімделеді.

«Jas Keñes Sıylyğy»: Астанада жас мамандар марапатталды

Соңғы жаңалықтар