Қасым-Жомарт Тоқаев Эстония Президенті Алар Каристі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент құттықтау жеделхатында Алар Каристің былтыр Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары өзара ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беріп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға ықпал еткеніне тоқталған.Қасым-Жомарт Тоқаев Алар Каристің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас эстон халқына бақ-береке тіледі.
Бұған дейін Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдағанын хабарлағанбыз.