• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 12:53

Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты

20 рет
көрсетілді

Өткен жылы Ақтөбе облысында 35 елді мекен арақ-шарап өнімдерін сатудан бас тартқан еді. Биыл «Қауіпсіз аула» және «Алкогольсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Ақтөбе облысының төрт ауданындағы тағы бес ауыл спирттік ішімдіктерден бас тартуға шешім қабылдады. Нәтижесінде өңірдегі «арақсыз» елді мекендердің жалпы саны 40-қа жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция департаменті жүргізілген талдау нәтижелері ішімдіктен бас тартқан ауылдарда қылмыс деңгейі төмендеп кеткенін көрсетіп отыр. Алдағы уақытта бірқатар ауданда осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет.

Арақ ішкен адам 40 күнге дейін ораза ұстай алмай ма?

Айта кету керек, Алға, Хромтау және Қарғалы аудандарында арақ-шарап сатудан бас тартқан ауылдар саны әзірге аз. Тәжірибе көрсеткендей, алкогольден бас тарту құқық бұзушылықтар санының азаюына тікелей әсер етеді. Мәселен, Шалқар ауданындағы Шетырғыз ауылының тұрғындары 2020 жылы спирттік ішімдіктерді сатудан бас тартқан. Соның нәтижесінде соңғы алты жылда осы елді мекенде бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды

«Арақсыз ауыл» акциясына қосылатын елді мекендер санын арттыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Сыр өңірінде тағы бір ауыл арақтан бас тартты

Соңғы жаңалықтар