Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров «Қазақфильм» киностудиясы екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
2025 жылғы 14 қаңтарда Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Қазақстандағы кинотеатрларды артық пайда таппау үшін тексеруді және кинотеатрлар, прокат компаниялары мен киностудиялар арасындағы қолданыстағы келісімшарттарды зерттеуді сұраған.
Марат Омаров атап өткендей, «Қазақфильм» Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жалған немесе толық емес мәлімет ұсынғаны үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы айыппұл сомасы – 2 831 040 теңге.
Сонымен қатар, агенттіктің Алматы бойынша департаменті «Кинопарк Центр» ЖШС әрекеттерінде үстемдік позицияны теріс пайдалану белгілерін анықтады. Агенттіктің деректері бойынша компания кино прокаты қызметтеріне қолжетімділікті шектеп, жарнамалық бюджетті міндеттеп отырған. 2025 жылғы 12 тамыздан бастап департамент Алматыдағы кино прокаты нарығын талдауды бастады.
Талдау жұмыстары көрсеткендей, зерттелген кезеңде қаладағы жалпы кино прокаты көлемі 16,8 млрд теңге, оның ішінде «Кинопарк» компаниясының үлесі – 6,3 млрд теңге немесе 37,9%.
«Қазақфильм» өндірістік нысандарының мемлекет меншігінде қалатынын ресми мәлімдеді
«Қазіргі уақытта талдау аяқталу сатысында, нәтижесі бойынша агенттік ТОО «Кинопарк Центр» қатысты тиісті шараларды қабылдайтын болады. Қосымша, маусым айының соңына дейін агенттік кино прокаты нарығындағы бәсекелестіктің жалпы жағдайын талдайды», делінген құжатта.
«Қазақфильмді» қаржыландыру тетіктері қайта қаралды