Қазақстандық тәжірибелі маман Владимир Чебурин футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі (U-21) жастар құрамасының аға бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Владимир Чебурин әр жылдары қарағандылық «Шахтер» мен көкшетаулық «Оқжетпес» клубтарын жаттықтырған. Сондай-ақ шетелде де жемісті еңбек етіп, Литва чемпионатында жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Маман литвалық «Круоя», «Судува» және «Жальгирис» командаларын басқарды. Әсіресе «Судува» мен «Жальгирис» клубтарымен бірге айтарлықтай табысқа жетіп, алты мәрте Литва чемпионы атанды. Бұдан бөлек, командалары үш рет Литва Кубогын және екі рет Суперкубокты иеленді.
«Оқжетпес» футбол клубы жекеменшік басқаруға өтті
Жоғары нәтижелері үшін Владимир Чебурин Литвада үш мәрте жылдың үздік бапкері атағына лайық деп танылған.
Айта кетейік, бұған дейін Асхат Тағыберген ұлттық құрамаға оралуы мүмкін екенін хабарлаған едік.