Қоғам • Бүгін, 14:47

12,6 млрд теңге: Атырауда жұмыссыз азаматтарға берілетін ақша көлемі белгілі болды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында былтыр 28 225 адам жұмысынан босаған. Соған байланысты оларға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен 12,6 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлем берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

12,6 млрд теңге: Атырауда жұмыссыз азаматтарға берілетін ақша көлемі белгілі болды

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Атырау облыстық филиалының бас маманы Нариман Салимовтың айтуынша, аталған төлем барлық адамға берілмейді. Ресми түрде еңбек еткен, жұмыс беруші тарапынан аталған қорға тұрақты әлеуметтік аударымдар жүргізілген қызметкерлерге қарастырылған.

Жұмыссыздық азайып, еңбек нарығы кеңейіп келеді

«Жұмыссыз қалған адам алдымен мансап орталығына жұмыссыз ретінде тіркелуі керек. Жұмыссыз мәртебесі берілгеннен кейін әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш Сақтандыру қорына проактивті түрде жолданады. Әлеуметтік төлем бір айдан алты айға дейінгі мерзімге тағайындалады. Оның мөлшері әлеуметтік аударымдар есептелген табыстың 45 пайызы көлемінде белгіленеді», дейді Нариман Салимов.

Кімдерге 6 ай бойы әлеуметтік төлем беріледі?

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жер сілкінісі сезілді

Төтенше жағдай • Бүгін, 14:45