• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:29

18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

10 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» 18 ақпанда Қазақстанның 17 облысында және Астана қаласында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана қаласы

18 ақпанда түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Күндіз де жауын-шашын жалғасады. Көктайғақ болып, күндіз жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысы

Түнде батысы мен солтүстігінде, күндіз облыстың көп бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні кей аудандарда 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Павлодар облысы

Батысы мен солтүстігінде жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Ауа райына байланысты бірқатар облыста жолдар жабылды

Атырау облысы

Батыс, оңтүстік және шығыс бөлігінде тұман мен көктайғақ күтіледі.

Абай облысы

Күндіз батысы мен орталығында жауын-шашын, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

Қостанай облысы

Түнде және күндіз кей аудандарда жауын-шашын, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысы

Батысы, солтүстігі мен орталығында тұман түседі.

Түркістан облысы

Кей өңірлерінде, әсіресе таулы аймақтарда тұман түседі. Тауда жел 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысы

Тұман және көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Солтүстігі мен шығысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Астанада наурыз айында ауа райы қандай болады?

Қызылорда облысы

Кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысы

Солтүстігі, батысы мен шығысында жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысы

Күндіз кей аудандарда жауын-шашын, жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман мен көктайғақ болуы мүмкін.

Қарағанды облысы

Батысы мен солтүстігінде жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с болады.

 Жаңатастағы жойқын дауыл

Солтүстік Қазақстан облысы

Қар, жаңбыр, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Жамбыл облысы

Кей уақытта тұман түседі. Таулы аудандарда жел 15-20 м/с-қадейін күшейеді.

Жетісу облысы

Таулы аймақтарда тұман болады. Алакөл маңында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Алматы облысы

Шығыс және орталық бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с болады.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман және екпінді жел күтіледі. Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақ болу ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар