ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматыда 2026 жылғы 17 ақпанда сағат шамамен 15:11-де жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
ТЖМ жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 км жерде орналасқанын мәлімдеді. Алматы қаласының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезді.
Алматы облысы аумағындағы жер сілкінісінің сезілу қарқындылығы:
Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы – 4 балл; Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласы – 4 балл; Еңбекшіқазақ ауданы, Маловодное ауылы – 3 балл; Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы – 3 балл; Еңбекшіқазақ ауданы, Көкпек ауылы – 2 балл; Ұйғыр ауданы, Ж. Қайыпова ауылы – 3 балл; Кеген ауданы, Саты ауылы – 3 балл; Кеген ауданы, Жалағаш ауылы – 3 балл; Кеген ауданы, Кеген ауылы – 2 балл; Талғар ауданы, Талғар қаласы – 3 балл; Іле ауданы, Өтеген-Батыр ауылы – 3 балл; Іле ауданы, Боралдай ауылы – 2 балл; Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы – 2 балл; Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы – 2 балл; Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылы – 2 балл; Ұйғыр ауданы, Чунджа ауылы – 2 балл; Алатау (Жетіген) қаласы – 2 балл; Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы – 2 балл; Алматы облысы, Қонаев қаласы – 2 балл; Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы – 2 балл.Бұған дейін 5 ақпан күні Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелген еді.
Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:
Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз; Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз; Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз; Жасырынатын жерді табыңыз. Жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыныңыз; Төменгі қабаттарда болсаңыз ғимараттан шығуға тырысыңыз; Көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз; Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз; Электр желілерден, ғимараттардан және ағаштардан аулақ болыңыз; Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.