Астана қаласында наурыз айында орташа ауа температурасы шамамен -5 градус болады деп болжанып отыр. «Қазгидромет» мәліметінше, бұл климаттық нормадан бір градусқа жоғары, деп жазады Egemen.kz.
Айдың алғашқы онкүндігінде түнгі уақытта ауа температурасы -19, -24 градустан -8, -13 градусқа дейін жылынады, ал күндіз -4, -9 градустан -3, +2 градусқа дейін көтеріледі. Одан кейін температура қайта төмендеп, түнде -13, -18, күндіз -3, -8 градусқа дейін түседі.
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
10-20 наурыз аралығында біртіндеп ауа температурасы жылына бастайды. Түнде -13, -18 градустан 0, -5 градусқа дейін, күндіз -3, -8 градустан +5, +10 градусқа дейін жоғарылайды.
Синоптиктер ай соңына дейін ауа райының құбылмалы болатынын болжап отыр. Түнде 0, -5 пен -8, -13 градус аралығында, күндіз +5, +10 мен -3, +2 градус аралығында ауытқиды.
Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады
Наурыз айында жауын-шашын мөлшері шамамен нормаға сай болады – 20 мм. Ай ішінде қар, бұрқасын, қар аралас жауын-шашын және көктайғақ күтіледі. Жел екпіні жиі секундына 15-20 метрге дейін жетеді.