• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 09:53

«Burger King-тегі» дау: Еңбек министрлігі тексеруді бастады

10 рет
көрсетілді

Аутизм спектрінің бұзылысы бар жас қызметкерге қатысты жағдай қоғам назарын аударды. Burger King Kazakhstan мейрамханалар желісінде жұмыс істеген Әлібек Қаратайдың анасы ұлына жұмыс орнында қысым көрсетілгенін айтып, бұл жайтты ашық көтерді. Оның айтуынша, шамамен төрт жыл бойы аспаз болып еңбек еткен жас жігіт соңғы уақытта қалыптасқан ахуалдың салдарынан жұмыстан кетуге мәжбүр болған, деп жазады Egemen.kz.

Компания тарапы бұл айыптауларды жоққа шығарып, қызметкердің жұмыстан шығарылмағанын мәлімдеді. Ресми түсіндірмеде жағдайды реттеудің бірнеше нұсқасы ұсынылғаны, соның ішінде басқа мейрамханаға ауысу мүмкіндігі қарастырылғаны айтылды. Сондай-ақ компания өкілдері қызметкер мен оның отбасының қатысуымен диалогқа дайын екенін жеткізді.

Аутизм: генетикалық сырқат па, психологиялық ауру ма?

Осы мәселеге байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми мәлімдеме жасады. Министрліктің хабарлауынша, жағдай бақылауға алынған.

«Алматы қаласының мемлекеттік еңбек инспекторы Әлібек Қаратайдың тұрғылықты жеріне барды. Қызметкердің әкесімен телефон арқылы сөйлесу барысында өтініш беру тетіктері мен еңбек заңнамасында көзделген кепілдіктер жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді», делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Мүгедек балалардың ата-аналарын қорлаған блогерге сот үкімі шықты

Сондай-ақ ведомство жұмыс берушіден алынған мәліметке сүйене отырып, «QSR» ЖШС (Burger King) ұйым ішінде қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Тексеру кезеңінде басшылардың бірін уақытша қызметінен шеттету туралы шешім қабылданды», деп атап өтті министрлік.

Әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысы қалай өзгереді?

Министрлік алдағы уақытта жағдайдың даму барысы жөнінде қосымша ақпарат берілетінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар