• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Кеше

Еліміздің он қаласында ауа сапасы нашарлайды

10 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы 15 ақпанда Қазақстанның он қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) қалыптасатынын ескертті. Ауада зиянды заттардың жиналуына байланысты тұрғындарға далада ұзақ жүрмеуге кеңес берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандардың болжамы бойынша, ауаның ластануы келесі қалаларда байқалуы мүмкін: Астана, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Өскемен, Семей және Риддер.

Қолайсыз метеожағдай деген не?

Бұл — жер бетіндегі атмосфералық қабатта зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін факторлардың жиынтығы. Оған желдің баяу соғуы, тұман және инверсия жатады. Мұндай кезде өндіріс орындары мен көліктерден шыққан түтін сейілмей, ауада тұрып қалады.

Елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?

Соңғы жаңалықтар