• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:28

Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады

10 рет
көрсетілді

Қазақстанда метеорологиялық болжаудың жаңа кезеңі басталды. «Қазгидромет» еліміздің бүкіл аумағын қамтитын, кеңістіктік ажыратымдылығы 2 шақырым болатын заманауи сандық модельді іске қосты. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің суперкомпьютерлік орталығы базасында жүзеге асты, деп жазады Egemen.kz.

Университетте Суперкомпьютерлік орталығының есептеу ресурстарында Weather Research and Forecasting (WRF) сандық ауа райын болжау моделі іске қосылды. Жобаны жүзеге асыруға Экология және табиғи ресурстар министрлігі қолдау көрсетті. Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер пайдалануға берілгеннен кейін министрлік бастамасымен Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет пен университет арасында тығыз әріптестік орнады.

Қазақстан әлемдегі ТОП-100 суперкомпьютер қатарына енді

Күн сайын автоматты режимде жұмыс істейді

Қазір суперкомпьютерде WRF моделі күн сайын автоматты түрде іске қосылады. Соның нәтижесінде ел аумағы бойынша:

Ауа температурасы, Жауын-шашын мөлшері, Желдің бағыты мен жылдамдығы, Метеограммалар бойынша нақты болжамдар қалыптастырылады.

Есептеулер толық автоматтандырылған. Сонымен қатар модель нәтижелерінің сапасы мен дәлдігін арттыру үшін қосымша талдау жұмыстары қатар жүргізіледі.

Асқар Жұмаділдаев: Суперкомпьютер күрделі есепті үш сағатта шығарып береді

Гидрометеорологиялық қауіпсіздікке серпін

Жобаның басты мақсаты – елдің гидрометеорологиялық қауіпсіздігін нығайту және қауіпті табиғи құбылыстар туралы ерте ескерту жүйесін жетілдіру. Бұл бастама ғылым мен өндірістің тиімді ықпалдастығын көрсетеді. Мемлекеттік құрылым мен жетекші жоғары оқу орны арасындағы әріптестік метеорологиялық қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге жол ашып отыр.

Мамандардың айтуынша, 2 шақырым ажыратымдылықтағы WRF моделін енгізу – Қазақстандағы метеорология саласын жаңғыртудың маңызды қадамы. Енді пайдаланушылар «Ауа райының сандық болжамы» бөлімінде модель есептеулерінің нәтижелері мен еліміздің барлық өңірі бойынша болжам карталарын көре алады.

2030 жылға қарай суперкомпьютерлер кез келген құпиясөзді бұза алады

Соңғы жаңалықтар