• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 14:53

13 ақпанға дейін жол жабық: Қай өңірлерде қозғалысқа шектеу қойылды?

10 рет
көрсетілді

Елдің оңтүстігінде қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

12 ақпан сағат 13:00-дегі жағдай бойынша Жамбыл және Түркістан облыстары аумағындағы «РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» халықаралық дәлізінде барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.

Жамбыл облысында жолдың 534-593 шақырымы, яғни Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралық жабылды. Ал Түркістан облысында осы жолдың 593-654 шақырымы, Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейінгі бөлігіне шектеу қойылды.

Ақтөбе облысында жолда қалып қойған 400 жолаушы пойызбен тегін жеткізілді

Бұдан бөлек, 12 ақпан сағат 13:30-дан бастап Жамбыл облысының аумағында аталған автожолдың бірқатар бөлігінде жүк көліктерінің қозғалысы шектелді. Атап айтқанда, Тараз қаласы мен Қайнар ауылы аралығындағы 238-476 шақырым және Тараз айналма жолының 476-534 шақырым бөліктерінде жүк көліктері үшін уақытша шектеу енгізілді.

Аталған жолдарды 2026 жылғы 13 ақпан сағат 10:00-де ашу жоспарланған.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.

12 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Соңғы жаңалықтар