Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
10 ақпан күні сағат 17:00-де ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
Ақмола облысы:
«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 232-260 км аралығы (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған ауылы);
«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 537-552 км аралығы (Бузулук ауылы – Сұрған ауылы);
«Жақсы – Есіл – Бузулук» автожолының 71-82 км аралығы (Ақсай ауылы – Бузулук ауылы).
Қостанай облысы:
«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-232 км аралығы (Тобыл қаласы — Ақмола облысының шекарасы);
«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 385-501 км аралығы (Денисовка ауылы – Рудный қаласы);
«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 340-377 км аралығы (Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы).
Павлодар облысы:
«Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» автожолының 0-263 км аралығы (Атамекен ауылы – РФ шекарасы);
«ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолымен – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Үрлітөбе өткізу пункті)» автожолының 191-390 км аралығы (Мичурино ауылы – РФ шекарасы);
«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1135-1206 км аралығы (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті кенті);
«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы (Шарбақты өткізу пункті)» автожолының 0-152 км аралығы (Павлодар қаласы – РФ шекарасы).
Ақтөбе облысы:
«Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-389 км аралығы (Қандыағаш қаласы – Ырғыз ауылы).
Абай облысы:
«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 683-768 км аралығы (Таскескен ауылы – Аягөз қаласы).
Жолдар шамамен 11 ақпан күні сағат 09:00-де ашылады.