• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Сенат Бүгін, 17:59

Мәулен Әшімбаев: Мемлекет басшысының реформалары жалпыұлттық бірлікті талап етеді

10 рет
көрсетілді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев депутаттар, сарапшылар және аналитикалық қоғамдастық өкілдерінің басын қосып, дөңгелек үстел өткізді. Кездесудің басты тақырыбы – жаңа Конституция жобасын талқылау болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев кездесу барысында жаңа Конституцияның жобасы қоғамның саяси жүйені терең жаңғыртуға қатысты сұранысының жарқын көрінісі екенін айтты.

Марат Шибұтов: Ата заң жобасы жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын

«Конституциялық реформа – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздегі саяси жүйені терең және жүйелі жаңғыртуға бағытталған бастамаларының заңды әрі дәйекті жалғасы. Жаңа Конституция жобасының негізі заң мен тәртіп қағидатына, азаматтардың мүдделері мен құқықтарына, сондай-ақ, табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауға және орнықты даму бағдарына табан тірейді. Бұл – бекітілген нақты конституциялық нормалар арқылы Әділетті Қазақстан идеясын жүзеге асырудың айқын көрінісі», деді ол.

Сенат төрағасы сарапшылар қауымдастығын Мемлекет басшысының жаңғырту күн тәртібі аясында бірігуге шақырды және ұсынылған өзгерістер ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтіп, қоғамды Мемлекет басшысының айналасына топтасуға шақырды.

«Конституциялық реформа – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздегі саяси жүйені терең және жүйелі жаңғыртуға бағытталған бастамаларының заңды әрі дәйекті жалғасы. Жаңа Конституция жобасының негізі заң мен тәртіп қағидатына, азаматтардың мүдделері мен құқықтарына, сондай-ақ, табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауға және орнықты даму бағдарына табан тірейді. Бұл – бекітілген нақты конституциялық нормалар арқылы Әділетті Қазақстан идеясын жүзеге асырудың айқын көрінісі», деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат төрағасы құжатты қоғамдық талқылаудың деңгейіне және Конституциялық комиссия жұмысы ашық әрі жария түрде жүргізіліп жатқанына назар аударды.

«Іс жүзінде жаңа Конституция кең ауқымды қоғамдық талқылау барысында қалыптасып жатыр. Бүгінгі дөңгелек үстел – осы ауқымды әрі жауапты диалогтың бір бөлігі. Комиссияға азаматтардан көптеген өтініш-ұсыныс келіп түскені де белгілі. Алдағы кезеңде Конституцияда айқындалған құндылықтар мен идеяларды нақты тетіктерге, болашақ заңдар мен құқық қолдану тәжірибесіне көшірудің маңызы зор», деді Сенат төрағасы.

«Ардагерлер ұйымы» жаңа Конституция жобасын қолдады

Іс-шара барысында Парламент Сенаты төрағасының орынбасарлары, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшелері Жақып Асанов пен Ольга Перепечина, Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Нұрлан Бекназаров сөз сөйледі. Сондай-ақ «AMANAT» қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиева, Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрайымы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Жұлдызай Ысқақова, «Ұлттық энергия үнемдеу орталығының» басқарма төрағасы Елдос Абақанов және білім беру саласының сарапшысы Мәдина Тыныбаева жаңа Ата заңның жобасы жөнінде пікір білдірді.

Соңғы жаңалықтар