• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Олимпиада Бүгін, 17:49

Олимпиада-2026: Қазақстанның ерлер құрамасы скиатлонда қалай өнер көрсетті?

10 рет
көрсетілді

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары аясында шаңғы жарысынан ерлер арасында скиатлон (10 шақырым + 10 шақырым) бәсекесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы сапынан Наиль Башмаков пен Әмірғали Мұратбеков өнер көрсетті.

Әмірғали Мұратбеков 45-орынмен мәреге жетсе, Наиль Башмаков 49-ыншы болып тіркелді.

Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?

Алтын жүлдені норвегиялық Йоханнес Клебо жеңіп алды. Күміс медаль Франция спортшысы Матис Деложға бұйырды. Норвегия өкілі Мартин Ньенгет қола жүлдемен жарысты аяқтады.

Айта кетейік, бүгін сағат 18:05-те биатлоннан аралас эстафета жарысына Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева және Айша Рақышева қатысады.
Соңғы жаңалықтар