Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау орындарында орташа валюта бағамдары төмендегідей:
доллар: сатып алу – 495,61 теңге, сату – 498,30 теңге; еуро: сатып алу – 584,05 теңге, сату – 588,99 теңге; рубль: 6,39-6,51 теңге аралығында саудаланып жатыр.Астана қаласындағы айырбастау орындарында:
долларды 494,00 теңгеден сатып алып, 501,00 теңгеден сатады; еуро: сатып алу – 582,00 теңге, сату – 592,00 теңге; рубль: сатып алу –6,30 теңге, сату – 6,60 теңге.Шымкент қаласында:
долларды 496,39 теңгеден сатып алып, 498,43 теңгеден сатады; еуро: сатып алу – 582,87 теңге, сату – 588,91 теңге; рубль: сатып алу – 6,41 теңге, сату – 6,50 теңге.Демалыс күндеріне арналған ресми валюта бағамдары мынадай:
1 АҚШ доллары – 494,63 теңге,
1 еуро – 583,22 теңге,
1 рубль – 6,42 теңге.
Бұған дейін күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 494,63 теңгені құрап, 0,13 теңгеге төмендеген.