• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 07:43

Нобельді 2 рет алған ғалым

0 рет
көрсетілді

Америкалық физик Джон Бардин – физика саласы бойынша Нобель сыйлығын екі рет алған жалғыз ғалым. Ол бұл марапатты алғаш рет 1956 жылы, кейін екінші рет 1972 жылы иеленді.

1956 жылғы марапаттау рәсіміне ол үш баласының біреуін ғана ертіп барған. Сол кезде Швеция королі ғалымға әзіл-ескертпе айтып, неге барлық баласын алып келмегенін сұрайды. Сонда Бардин келесі жолы міндетті түрде үшеуін де ертіп келуге уәде береді. Арада 16 жыл өткен соң, 1972 жылы екінші Нобель сыйлығын алуға барғанда 3 баласын да ертіп барып, корольге берген уәдесін орындайды.

 

Соңғы жаңалықтар