Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жетті. Бір жыл ішінде ел тұрғындарының саны 212 576 адамға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халық саны 2 миллионнан асқан өңірлер:
Түркістан облысы – 2 148 658 адам (жыл ішінде 5 383 адамға азайды); Алматы қаласы – 2 347 924 адам (55 869 адамға өсті).Елордада халық саны 1,6 млн-нан асты
1 миллионнан астам тұрғыны бар қалалар мен облыстар:
Астана – 1 638 233 адам (+109 530); Алматы облысы – 1 596 331 адам (+36 207); Жамбыл облысы – 1 215 373 адам (-7 018); Шымкент – 1 293 648 адам (+37 484); Қарағанды облысы – 1 131 287 адам (-2 646).Ең аз халқы бар өңірлер:
Ұлытау облысы – 218 993 адам (-2 297); Солтүстік Қазақстан облысы – 514 156 адам (-8 015); Абай облысы – 595 676 адам (-7 156).Еліміздің бірнеше өңірінде халық саны азайған
Жалпы көрсеткіш бойынша, қалаларда 13 029 803 адам тұрса, ауылдық елді мекендердегі халық саны 7 466 172 адамды құрады.