Санаулы күндерден кейін Астанада шымылдығы түрілетін шайбалы хоккейден халықаралық турнирде Қазақстан қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл жарыста бас бапкер Максим Худяков мына ойыншыларға сенім артып отыр.
Қақпашылар – Давид Зиновьев («Торпедо», Өскемен), Кирилл Мыльников («Барыс», Астана), Елисей Плотников («Авангард», Омбы).
Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
Қорғаушылар – Темірлан Айболұлы, Кирилл Задорожный, Матвей Решетько, Расул Турсынов, Дэнир Утеев («Барыс», Астана), Макар Винтовкин («Кармет», Теміртау), Артём Гасников («Торпедо» Өскемен), Святослав Евплов («Спартак-МАХ», Мәскеу), Ярослав Челбаевский («Ақтөбе», Ақтөбе).
«Барыс» Төменгі Новгородта «Торпедоға» есе жіберді
Шабуылшылар – Тарлан Абдуллин, Әділжан Әміржанов, Таир Бигаринов, Богдан Залевский, Егор Кравченко, Рауан Қайыржан, Әділхан Саттар, Жаһангер Тілеухан («Барыс», Астана), Владислав Ануфриев, Данил Челюк («Торпедо», Өскемен), Матвей Желтоножко, Дінислам Төлеген («Авангард», Омбы), Михаил Коленко («Лада», Тольятти), Әбдірақым Қыдырбай, («Астана», Астана).