«Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің басты құндылығы ретінде көрсетілуі – Қазақстанның дамуы үшін маңызды қадам деп ойлаймын. Бұл мемлекеттің әрбір азаматтың қадір-қасиеті мен еркіндігін қорғауға ерекше мән беретінін білдіреді», дейді ол.
Назгүл Баймұхамедқызы жобаға халықаралық адам құқықтары жөніндегі нормалардың енгізілуі Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен байланысын нығайтатынын атап өтті.
Жаңа Конституция жобасында азаматтардың құқығын цифрлық ортада қорғау нормасы бекітілді
«Азаматтардың жеке, әлеуметтік және саяси құқықтарының кеңеюі қоғамда әділдік пен теңдікті арттыруға көмектеседі. Өмір сүру құқығын қорғау, жеке деректердің қауіпсіздігі, «Миранда ережесінің» енгізілуі және цифрлық қауіпсіздікке көңіл бөлінуі қазіргі заман талабына сай келеді. Бұл азаматтардың құқықтарының жақсырақ қорғалуына және мемлекетке деген сенімнің артуына ықпал етеді», деп жазды ол.
Сонымен қатар, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, неке институтының тең құқықты одақ ретінде танылуы және білім беру жүйесінің зайырлы болуы қоғамдағы тұрақтылық пен адамгершілік құндылықтарды сақтауға бағытталған.
Ата заңның жаңа жобасы таныстырылды
«Қорытындылай айтқанда, бұл Конституция жобасы – азаматтардың құқықтарын қорғауға, әділетті қоғам қалыптастыруға және елдің болашағын нығайтуға арналған маңызды құжат деп есептеймін», дейді аға оқытушы. Конституциялық реформа аясындағы перспективалар