• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Қаңтар, 2026

Заңсыз жекешелендіру: Қыздар педагогикалық университетінің ғимараты мемлекет меншігіне өтті

20 рет
көрсетілді

Алматы қаласының прокуратурасы қадағалауды жүзеге асыру аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғимаратының 208 шаршы метр бөлігі заңсыз жекешелендірілгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Прокуратураның талап-арызы бойынша сот, жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Сот актісі заңды күшіне енді.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру саласындағы уәкілетті орган қайтарылған активке бағалау жүргізіп жатыр. 

Алматыда құны 300 млн теңгеден асатын институт мемлекет меншігіне қайтарылды

Мемлекеттік мүлікті пайдалану және иеліктен шығарудың заңдылығын қадағалау Алматы қаласы прокуратурасының жіті бақылауына алынды.

Соңғы жаңалықтар