28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні Лондонның әйгілі «Арсенал» клубы алматылық «Қайратты» қабылдайды. Кездесу Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі сегізінші тур аясында «Эмирейтс» стадионында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Матч Қазақстан уақытымен түнгі 01:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде «Qazaqstan» телеарнасы көрсетеді.
«Арсеналға» қарсы матч: Алматылық клуб Лондонға жол тартты
7 турдың қорытындысы бойынша «Арсенал» негізгі кезеңде көш бастап тұр. Лондондық клуб барлық 7 ойында жеңіске жетіп, 21 ұпай жинаған. Ал «Қайрат» дәл осындай матч санынан небәрі 1 ұпай еншілеп, турнир кестесінде соңғы 36-шы орында тұр.
Чемпиондар лигасында гол соққан «Қайрат» ойыншысы «Ақтөбеге» ауысады
Алдыңғы турда «Арсенал» сырт алаңда Италияның «Интерін» 3:1 есебімен ұтса, «Қайрат» өз алаңында бельгиялық «Брюггеден» 1:4 есебімен ірі жеңіліс тапқан еді.
УЕФА Темірлан Анарбековты Мбаппе мен Холандтың қатарына қосты