Төтенше жағдайлар министрлігінің санитарлық авиациясы аясында «Қазавиақұтқару» тікұшағы Құрманғазы ауданынан шұғыл көмекке мұқтаж сәби мен оның анасын облыс орталығына жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экипаж бен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында ұшу еш қиындықсыз өткен. Тікұшақ Атырау әуежайына сәтті қонды.
Қонғаннан кейін науқастар әрі қарай ем алу үшін бірден дәрігерлерге тапсырылды.
Ауыр жағдайдағы сәби тікұшақ арқылы Астанаға шұғыл жеткізілді
Қазақстан ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» қызметі адамдарға жедел көмек көрсетіп, адам өмірін сақтап қалу бағытындағы маңызды миссиясын жалғастыра береді.