Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасымен Ақтау – Бейнеу автожолында орын алған жол-көлік оқиғасына байланысты облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев пен денскулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров Бейнеу ауданына барды деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыс әкімінің орынбасары қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына өңір басшысының атынан көңіл айтып, ауруханаға түскен науқастардың жағдайымен танысты. Сонымен қатар медициналық көмектің толық көлемде көрсетілуін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.
Медициналық көмекті күшейту мақсатында ауданға облыс орталығынан санитариялық авиация желісі арқылы білікті мамандар тобы барды. Қазіргі уақытта зардап шеккендерге қажетті толық медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Жағдай облыс әкімінің бақылауында.
Бейнеудегі ірі жол апатынан төрт адам қаза тапты
Маңғыстау облысы