• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 16 Қаңтар, 2026

Аяз, боран және көктайғақ: Қазақстанның 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

10 рет
көрсетілді

16 қаңтар күні еліміздің 12 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай өңірінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында және орталығында екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 40 градус қатты аяз болады.

Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында боран соғады. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қонаев қаласында 16 қаңтарда кей уақыттарда  боран соғады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ болып, боран соғады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Ақтау қаласында көктайғақ болады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында боран соғады. Түркістан қаласында қар аралас жауын-шашын болып, көктайғақ пен боран күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Шымкент қаласында жауын-шашын болады. Көктайғақ болып, боран соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында 15-20 м/с болады. Қызылорда қаласындакей уақыттарда тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.

Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді. Жезқазған қаласында солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде боран соғады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20, ал оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 35-38 градус қатты аяз болады. Қарағанды қаласында таңертең және күндіз боран соғады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз 15-18 м/с болады.

Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында боран соғады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында 15-20, кей уақыттарда 23 м/с жетеді. Ақтөбе қаласында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысында қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында боран соғады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жетеді. Атырау қаласында кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында боран соғады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында 42 градус қатты аяз болады. Өскемен қаласында тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар