Мемлекеттік нөмірлерді таңдау және брондау қызметі 8 қаңтардан бастап eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасында пилоттық режімде қолжетімді болды. Жаңа сервистің танымалдылығы сондай, алғашқы екі күннің өзінде 113 мың өтінім тіркелсе, 15 қаңтардағы мәлімет бойынша бұл көрсеткіш екі есе артты.
Мамандардың айтуынша, кейбір жағдайларда төлем жасалғаннан кейін де таңдалған нөмір бос болып көрінуі мүмкін. Бұл көбінесе өтінімнің соңғы кезеңде толық аяқталмауынан болады. Мұндай жағдайда азаматтарға өтінімді қайта беру ұсынылады. Ол үшін үшінші қадамда «Бұрын төленген» батырмасын басып, банк пен төлем күнін көрсету қажет. Осы рәсімдерден кейін нөмір пайдаланушыға бекітіліп, басқалар үшін қолжетімсіз болады.
Алматыда айналасы бір аптада «әдемі» нөмір алғысы келетіндерден 19 мыңдай өтініш түсті
Еске сала кетейік, 5 қаңтардан бастап азаматтар автокөлік нөмірлерін өз қалауы бойынша таңдау үшін мамандандырылған ХҚКО-ларға жүгіне бастаған болатын.