• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:30

Жаңбыр, найзағай, бұршақ: бүгін ауа райы қандай болады?

50 рет
көрсетілді

7 мамыр күні «Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана қаласында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Ақмола облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр мен бұршақ болжанып отыр. Жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Өңірдің оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.

Ақтөбе облысында да жаңбыр, найзағай, кей аумақта бұршақ пен дауыл күтіледі. Оңтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр, найзағай, екпінді жел және кей жерлерде тұман болады деп болжануда.

Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей өңірлерде жел күшейеді.

Қызылорда және Түркістан облыстарында шаңды дауыл болжанып отыр. Сонымен қатар өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында да жоғары өрт қаупі мен қатты жел күтіледі.

Синоптиктер тұрғындарды сақ болып, ауа райының өзгерістерін ескеруге шақырды.

   
Соңғы жаңалықтар