• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс 12 Қаңтар, 2026

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы: марқұм әйелдің соңғы аудиожазбасына қатысты жаңа дерек шықты

30 рет
көрсетілді

Атырау облысында із-түзсіз жоғалып, кейін ерлі-зайыптының мәйіті табылған отбасының туыстары марқұм әйелдің атынан жіберілген соңғы аудиохабарламаға қатысты тың ақпарат айтты. Жақындары бұл аудиожазба бұрын жіберілген ескі жазба болуы мүмкін екенін және оны күдікті таратуы ықтимал екенін алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Мәлімет журналист Жанат Молдашованың әлеуметтік желідегі жазбасынан белгілі болды. Онда марқұм ер адамның інісі Шалқар Мұқанғалиевпен телефон арқылы сөйлескен аудиосы жарияланған.

Оның айтуынша, отбасы мүшелері қаза тапты деген болжам жасалған күннен кейін де туыстар арасындағы чаттарда әртүрлі хабарламалар пайда болған.

Атырау маңында жоғалған отбасы оқиғасы: іздеу жұмысы қалай жүріп жатыр?

– Келініміз Нәсіп Өтешқалиева бұрын туыстар чатына жиі жіберетін аудиохабарламалар бар еді. Сондай аудиолардың бірі 7 қараша күні қайта жіберілген. Күдік туғызбау үшін біреу сол бұрынғы жазбаларды қайта-қайта таратып отырған болуы мүмкін. Қазір барлық телефондар Сұлтанда (күйеу бала, күдікті) болды деп айтылады, сондықтан ол жіберуі ықтимал деп ойлаймыз, – деді ол.

Туыстарының мәліметінше, соңғы аудиожазбаның мазмұны күнделікті әдеттегі сипатта болған.

– Онда «Қалайсыңдар, бәрі дұрыс па? Бүгін жұма, аман жүріңдер, ауырмаңдар» деген сияқты сөздер айтылады. Мұндай хабарламаларды ол үнемі жіберетін. Дәл сол жазбаны 7 қараша күні қайта жіберген. Алайда сол кезде ерлі-зайыптылардың тірі болмағаны белгілі. Соған қарамастан туыстар күдік туғызбау үшін хат алмасу жалғасқан, – деді марқұмның інісі.

Бұған дейін туыстары жоғалған отбасы мүшелері атынан келіп тұрған мәтіндік хабарламаларға байланысты құқық қорғау органдарына бірден жүгінбегені хабарланған. Ол хабарламаларда отбасының ұлы Наурыз Мұқанғалиев анасының сырқаттанғанын, ем-домға ақша керегін айтып, малын сатып жатқанын жазғаны көрсетілген.

Атыраудағы жоғалған отбасының қызы мен баласын сүңгуірлер іздеп, таба алмады

Атырау облыстық Полиция департаменті Tengrinews тілшісіне тергеу және жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатқанын хабарлады. 

– Барлық нұсқа тексеріліп жатыр, – деп жауап берген полиция.

Ведомство дерегінше, отбасының кіші қызы әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткен ретінде есепте тұр.

Еске салайық, 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиева Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында тұрған. 2025 жылғы 25 желтоқсанда туыстары полицияға олардың қараша айынан бері байланысқа шықпай кеткенін хабарлаған.

6 қаңтарда полиция жоғалған ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар Бас прокуратура іздеу порталында ерлі-зайыптыны өлтіруге күдікті ретінде көрсетілген Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты бағдарлау жарияланған.

Айта кетейік, Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы: тың деректер жарияланды.

Соңғы жаңалықтар