Қапланбек өткізу бекетінде Қазақстаннан Өзбекстанға өтетін бағытта ұзын-сонар кезек пайда болды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Бұл көршілес аумақта орналасқан «Новои» өткізу бекетінің тіркеу жүйесіндегі ақауларға байланысты. Қазақстан жағынан өткізу бекеті штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ», делінген ҰҚК хабарламасында.
Өзбекстан тарапы жүйені жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр және өткізу бекетінің жұмысын жақын арада қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
Шекарадағы кезек азаяды: Өткізу бекеттерінде 200 орындық автотұрақтар салынады
Шекара қызметі азаматтардан сапарларын жоспарлау кезінде осы жағдайды ескеруді сұрады.