Әнші Еңлік Құрарбек Coolers жобасына шақырту алды. Бұл туралы Yenlik өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Маған ұсыныс келгенде қуаныштан жылап жібердім. Бұған дейін өзіміз бірнеше рет өтініш беріп көргенбіз, бірақ нәтиже болмаған. Бұл жолы COLORS мені өздері тапты», деді әнші.
Colors ән жобасында әртістер түрлі-түсті фонда ән орындайды. Жобаға әлемнің түкпір-түкпірінен әншілер шақырылады.
Colors жобасында бұрын өнер көрсеткен кейбір әншілер кейін әлемдік деңгейде кеңінен танымал болды. Олардың қатарында:
• Billie Eilish• Doja Cat• Jorja Smith• Kali Uchis• Mahalia
Бұл мысалдар COLORS платформасының жас таланттар үшін үлкен бастама алаңы екенін көрсетеді.
Польшадағы қайырымдылық концертінде Димаш Құдайбергеннің әні шырқалды