• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 07 Қаңтар, 2026

Жетісу облысында қар құрсауынан 4 адам құтқарылды

20 рет
көрсетілді

Алакөл ауданында, Жайпақ ауылының шетінде қар құрсауында адамдар қалып қалғаны туралы 112 пультіне хабарлама келіп түсті, деп жазады Egemen.kz.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел түрде шықты.

Оқиға орнына келген кезде қар құрсауында бір жеңіл автокөлік тұрғаны анықталды. Көлік ішінде 4 адам, оның біреуі бала болған.

Құтқарушылар автокөлікті қауіпсіз жерге дейін жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Соңғы жаңалықтар